Ақтөбеде 39 кәмелетке толмаған жасөспірім есепке алынды
Ақтөбеде «Жасөспірім» жедел алдын алу іс-шарасы барысында 39 кәмелетке толмаған жасөспірім есепке алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жасөспірімдер арасында қылмысты болдырмау, кәмелеттік жасқа толмағандардың түнгі уақытта тұрғын жайдан тыс жерде заңды өкілсіз болу және ойын-сауық орындарда заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз болу фактілерін анықтау, сонымен қатар кәмелетке толмағандарға алкогольді, темекі өнімдерін сату фактілерін анықтау, сондай-ақ ересек тұлғалардың кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылыққа және қылмыс жасауға итермелеуінің алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың 27 мен 31 шілде аралығында облыс аумағында «Жасөспірім» атты жедел алдын алу іс-шарасы жүргізілді.
Аталған шара барысында ювеналдық полиция инспекторлары аулаларда, саябақтарда, жергілікті жерлерде және жастар көп жиналатын ойын-сауық орындарында рейдтік қадағалау жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара қорытындысы бойынша ІІБ-на 335 кәмелетке толмағандар жеткізіліп, оның ішінде 333 тұрғын жайдан тыс жерде заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 23:00-ден 06:00 дейінгі аралықта, екі әкімшілік құқық бұзушылық жасаған үшін жеткізілді. 10 жеке кәсіпкер жасы 21-ге толмаған азаматттарға алкогольді өнімдерді сатқан үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ бір жеке кәсіпкер түнгі 22:00-ден кейін ойын-сауық мекемеге кәмелетке толмағанның заңды өкілсіз жүруіне жол берген үшін жауапкершілікке тартылды.
13 ата-ана бала тәрбиесінде өз міндеттерін атқармағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды.
ІІБ-ның есебіне 39 кәмелетке толмаған жасөспірім және 25 қолайсыз отбасы алынды.