Ақтөбеде 58 дана заңсыз қару-жарақ айналымнан алынды
Ақтөбе облысында «Қару» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтөбе облысының аумағында жедел жағдайды тұрақтандыру, сондай-ақ азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау мақсатында 2021 жылғы 1-15 ақпан аралығында «Қару» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде.
Ақтөбе облысында 8 447 азаматтық атыс қару иелері тіркелген, оларды учаскелік полиция инспекторлары тексереді.
Жедел-алдын алу іс-шарасы аясында бір күнде 94 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде қаруды заңсыз сақтау – жеті, қаруды сақтау және алып жүру ережелерін бұзғаны үшін – 67 және қаруды тіркеу ережелерін бұзғаны үшін – 20.
Заңсыз айналымнан барлығы 58 дана заңсыз қару-жарақ алынды, оның ішінде:
– жеті бірлік атыс қаруы
– 18 дана суық қару (пышақ)
– Тегіс ұңғылы қаруға 22 дана патрон.
Полиция департаменті заңсыз сақталған қару мен оқ-дәрілерді өз еркімен тапсырған адамдар әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктен босатылатынын хабарлайды.