Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде 6 айда бейнебақылау камераларының көмегімен 46 қылмыстың беті ашылды

Ақтөбеде 6 айда бейнебақылау камераларының көмегімен бірнеше қылмыстың беті ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе қаласы полиция басқармасының жедел басқару орталығының қызметкерлері күн сайын адамдар ең көп жүретін көшелер мен көп жиналатын орындарға орнатылған бейнекамералардың көмегімен түрлі құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың жолын кеседі.

Ақтөбе қаласы ПБ ЖБО операторлары бейнебақылау камералары арқылы жыл басынан бері 6700-ден астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтап, 46 қылмыстың «ізін суытпай» ашты.

Мысалы, 10 шілдеде  Ақтөбеде бейнебақылау камераларының көмегімен 3 бұзақы ұсталды. Ақтөбе қаласының ЖБО қызметкері түнгі мезгілде Тургенев көшесінде орналасқан бейнебақылау камерасының жазбасын қарау барысында жанжалдасқан  адамдарды байқап, оқиға орнына дереу патрульдік полиция экипажын жіберді. Мән-жайды анықтау барысында үш жас жігіттің екі жәбірленушімен төбелескені анықталды. Полиция қызметкерлерінің жедел әрекеттерінің арқасында осы оқиғаға қатысушылар ұсталды.

Бұл  факті бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабы 2-бөлігі (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру