Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде 7 ай ішінде 113 қылмыстық іс ашылды

Ақтөбе қалалық ПБ Жедел басқару орталығының бейнекамераларының көмегімен жеті ай ішінде 113 қылмыстық іс және 14 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл басынан бері жеті ай ішінде бейнебақылау камераларының көмегімен ақтөбелік полицейлер 100-ден астам қылмыстық іс пен 14 мыңнан аса әкімшілік құқық бұзушылықты ашты.

Қазіргі заманғы техникалық құралдардың Ақтөбе полицейлеріне әкімшілік құқық бұзушылықтан бастап қылмыстық істерге дейінгі қылмыстарды ашу кезінде септігі зор.

Жедел басқару орталығы қызметкерлерінің жұмысының арқасында полиция қызметкерлері бірнеше минут ішінде қылмысты ашуға, қашып кеткен қылмыскердің тұрған жерін анықтауға және сол арқылы Ақтөбе қаласында қоғамдық тәртіпті сақтауға мүмкіндік береді.

– Бейнекамералардың көмегімен адамның түрін немесе құқық бұзушылық жасаған машинаның нөмірін бүкіл экранға шығаруға болады. Біз камера арқылы қозғалыстағы автокөліктегі қауіпсіздік белдіктің тағылып-тағылмағанын анықтай аламыз немесе жүргізуші ұялы телефонмен сөйлескенін көре аламыз, әдетте мұндай факт бойынша хабар жақын маңда жүрген патрульдік полиция қызметкерлеріне беріледі, кейін олар өз кезегінде тәртіп бұзушыны ұстауға шаралар қолданады. Видеокамералардың жазбалары базада бір ай бойы сақталады, яғни қылмыс пен құқық бұзушылықтың кез келген фактісін камералардың көмегімен тексеруге болады, – дейді Ақтөбе қаласы ПБ Жедел басқару ортаығының бейнебақылау камераларының кезекші инспекторы Асқар Күнуспаев.

Мысалы, 21 шілде күні таңғы сағат 4-те Нариманов көшесіндегі «Магнит» кафесінің жанында белгісіз ер адам күш қолдану арқылы 1968 жылы туған ақтөбелік азаматтың смартфоны мен банк картасын, 50 мың теңге көлемінде ақшасын ұрлаған.

Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында және бейнебақылау камераларының көмегімен 33 жастағы күдікті көп ұзамай ұсталды. Ұрланған ақша мен заттар тәркіленді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру