Ақтөбеде алаяқ зейнеткерді алдап кетті
Ақтөбеде Орталық базар ауданында алаяқ сенімді зейнеткерді алдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Зейнеткер сағат 11-де базарға тауар сатып алу үшін барған. Ахтанов пен Уәлиханов көшелерінің қиылысындағы базарға барар жолда ол 20 мың теңгені айырбастамақ болып, алайда алаяқтың арбауына түседі. 30-35 жастағы белгісіз әйел 82 жастағы зейнеткерге 20 мың теңге сомасындағы ақша айырбастау сылтауымен 10 мың теңге сомасындағы жалған купюраларды берген. Алданған зейнеткер полицияға жүгінді. Аталған алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Алаяқтың жеке басы анықталған жоқ, полиция күдіктіні іздестіруде.
Облыс ПД ақтөбеліктерді бейтаныс адамдармен қарым-қатынаста аса сақ болуға, алаяқтардың құрбаны болмас үшін ақша мен бағалы заттарға байланысты барынша мұқият болуға шақырады.