Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде ауыл тұрғындарының қойларын қолды қылған күдіктілер анықталды

Ақтөбеде ауыл тұрғындарының қойларын қолды қылған күдіктілер анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

30 қарашада түнгі мезгілде полиция жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Алға ауданында ауыл тұрғынының қорасына жасырын кіріп, екі қойын автокөлікке тиеп шыққан екі күдіктіні “ізін суытпай” ұстады. 

Ұрланған қойлар иесіне қайтарылып, күдіктілер полиция бөліміне жеткізілді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында колледж студенттерінің соңғы екі ай ішінде осы ауылдың тағы бір тұрғынының жеке шаруашылығына алты рет ұрлыққа түсіп, барлығы 8 қойын жасырын әкеткені анықталды. Қылмыстық әрекеттеріне олар жеңіл автокөлікті пайдаланып, жануарларды таңертең мал базарына апарып  сатқан. Ақшаны қажеттіліктеріне жұмсаған.

Мал ұрлығы деректері бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер кінәсін мойындады. Олар мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру