Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде автокөлік ұрысы ұсталды: ұрланған көлік бөлшекке тапсырылған

Ақтөбеде автокөлік ұрысы ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе қаласында полиция қызметкерлері автокөлік ұрлығын әшкереледі. Белгілі болғандай, Сәңкібай батыр даңғылындағы автотұрақтан шетелдік тіркеуі бар ВАЗ көлігі қолды болған. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 800 мың теңгеге бағаланды.

Ұрлық сәті сауда үйінің маңына орнатылған бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Жазбалар арқылы полицейлер ұрланған көліктің бағытын анықтап, жедел іздестіру барысында күдіктіні қолға түсірді.

Тергеу кезінде тәртіп сақшылары 51 жастағы қала тұрғынының көлікті айдап кетіп, оны бар болғаны 150 мың теңгеге авторазборға өткізгенін анықтады. Күдікті өз кінәсін мойындады. Сонымен қатар құқық қорғау органдары көлік бөлшектерін қабылдаған шеберхананың да қызметін тексермек.

Ақтөбе облысы полиция департаменті тұрғындарға көліктерін қараусыз қалдырмауды, бейберекет жерге қоймауды және ең бастысы – кілтті тұтатқышта қалдырмауды ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру