Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде автосалон қызметкері жаңа автокөліктерге жалған мемлекеттік нөмір орнатқаны үшін жауапқа тартылды

Ақтөбеде автосалон қызметкері жаңа автокөліктерге жалған мемлекеттік нөмір орнатқаны үшін жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

18 қараша күні патрульдік полиция қызметкерлері Shangan автокөлігін тоқтатып, тексеру барысында жүргізушінің көлік құралын көрінеу жалған мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерімен басқарғанын анықтады.

"Қорғау" базасы мен көпфункционалды камералар арқылы құқық бұзушылық фактісі толық дәлелденді. Сонымен қатар жалған нөмірлердің автосалондағы өзге де көліктерге қолданылғаны белгілі болды. Тексеру нәтижесінде автосалон қызметкері бұл нөмірлерді көліктерді жуу және жұмыс барысындағы ішкі қажеттіліктер үшін пайдаланғаны анықталды.

Аталған автокөлік айыптұраққа қойылып, жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды. Материалдар Ақтөбе қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жолданды.

Еске сала кетейік, 18–23 қараша аралығында облыс аумағында жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру