Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде бала күтушісі үй иесінің алтындарын ұрлап, ломбардқа өткізген

Ақтөбеде бала күтушісі үй иесінің алтындарын ұрлап, ломбардқа өткізген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

29 жастағы жергілікті тұрғын алтын бұйымдарының жоғалғанын байқап, полицияға жүгінді.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері зергерлік бұйымдарды ұрлаған күдіктіні ұстады. 19 жасар күдікті жәбірленушінің үйінде күтуші болып жұмыс істеген. Бала күтушісі өз кінәсін мойындады.

Үй иелерінің жоқтығын пайдалана отырып, алтын бұйымдарды ұрлап ломбардқа тапсырып отырғаны анықталды.

Барлық алтын бұйымдар иесіне қайтарылды, қазіргі таңда шығын сомасы анықталуда.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті азаматтарды қырағы болуға шақырады. Адамдарды жұмысқа жалдау кезінде олардың өткеніне, бұрынғы жұмыс орындарынан ұсынымдарға қызығушылық танытыңыз, сондай-ақ құжаттардың көшірмелерін талап етіңіз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру