Ақтөбеде батыр Байтасовтың құрметіне жиын өтті
Ақтөбеде батыр Байтасовтың құрметіне жиын өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бүгін Ақтөбе облысы Полиция департаментінде батырды еске алды.
Ақтөбе облысы Полиция департаменті ғимаратының алаңына қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан қызметкерлерге арналған монументтің жанына ҚАЖД қызметкерлері, Ақтөбе станциясындағы Желілік полиция бөлімі, Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы, ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты, ҚР Ұлттық ұланының 6655 әскери бөлімі, Полиция департаменті бөлімшелерінің өкілдері, «Қазақстан ІІО ардагерлер ұйымы және Ұлттық ұлан» ҚБ Ақтөбе облыстық филиалының өкілдері жиналды.
Қатысушылар қаза болғандардың монументіне салтанатты түрде гүл шоқтарын қойды.
Кейін жиналғандар батырды бір минут үнсіздікпен еске алды, сондай-ақ Ғазиз Байтасовтың құрметіне аспанға үш мәрте оқ атылды.
– Ғазиз Байтасовтың есімі Қазақстан полициясының тарихында мәңгі сақталады. Оның ерлік ісі өз Отаны мен халқына деген шексіз сүйіспеншіліктің жарқын үлгісі болады, – деді Полиция департаменті бастығының м.а. Қ.Алиев.
Батырдың ерлігі есімізде мәңгі сақталады.