Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде Бауыржан Момышұлы атындағы мектепте полиция сыныбы ашылды

Ақтөбеде Бауыржан Момышұлы атындағы мектепте полиция сыныбы ашылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының туған күніне орай Ақтөбе қаласындағы оның есімін иеленген №62 жалпы білім беретін мектепте полиция сыныбының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шара ерлігімен, отансүйгіштігімен, жоғары тәртібімен және елге адал қызметімен кейінгі ұрпаққа өнеге болған көрнекті қолбасшы, жазушы Бауыржан Момышұлының рухына арналды.

Жаңа полиция сыныбына 2 және 3-сыныптардан барлығы 52 оқушы қабылданды. Полиция сыныбын ашудағы басты мақсат – өскелең ұрпақтың бойында патриоттық рухты қалыптастыру, азаматтық жауапкершілікті арттыру, заңға құрмет пен тәртіпке баулу, сондай-ақ Отанға деген сүйіспеншілікті нығайту.

Полиция департаментінің жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқармасы бастығының орынбасары Артур Абрешовтың айтуынша, полиция сыныбы аясында оқушылар құқықтық тәртіп негіздерімен, қауіпсіздік ережелерімен танысып, батыр тұлғалардың өмір жолын зерделейді. Сонымен қатар олар патриоттық және тәрбиелік бағыттағы іс-шараларға белсенді түрде қатысатын болады.

"Жас сақшы" полиция сыныбының ашылуы мектеп өміріндегі маңызды оқиғаға айналып, оқушыларды патриоттық тәрбиелеу жүйесін дамытуға елеулі үлес қосты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру