Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде бейнекамералардың көмегімен ойын клубында телефон ұрлаған күдікті ұсталды

Ақтөбеде бейнекамералардың көмегімен ойын клубында телефон ұрлаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

17 қазанда полицияға 52 жастағы азаматша ұрлық дерегі туралы арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, Ақтөбе қаласындағы ойын клубтарының бірінде белгісіз тұлға оның үстел үстіне қалдырған телефонын жасырын ұрлаған. Келтірілген шығын көлемі 90 мың теңгені құрады.

Оқиға орнына шұғыл жеткен полицейлер жедел-іздестіру шараларын жүргізу және бейнекамелардың жазбаларын зерделеу нәтижесінде күдіктіні «ізін суытпай» анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Ол осы ойын клубына келуші 36 жастағы ақтөбелік болып шықты. Күдіктіден ұрланған телефон алынды.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Күдікті кінәсін мойындады. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру