Ақтөбеде бір айда 6 ұрлық жасаған күдікті ұсталды
Ақтөбеде бір айда алты ұрлық жасады деген күдікпен 33 жастағы ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Күдікті компьютерлік клубтан Sony PlayStation-5 ойын приставкасын ұрлаған кезде ұсталды.
Алдын ала тергеу барысында күдіктінің әртүрлі жерлерде жасалған тағы бес ұрлыққа қатысы бар екені анықталды. Ұрланған заттардың қатарында сауда үйінен жасырын әкеткен күрте, дәріханадан ұрланған 150 мың теңге, сондай-ақ автокөліктен ұрланған телефон бар.
Ұрлық фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Заттай айғақтардың бірқатары тәркіленді, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.