Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде бірнеше алаяқтыққа қатысы бар әйел ұсталды

Ақтөбеде бірнеше алаяқтыққа қатысы бар әйел ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе қаласы №3 полиция бөліміне 46 жастағы әйел арызданды. Оның айтуынша, 2021 жылдың соңында таныс емес әйел қалалық емханалардың бірінде мүгедектікті ресімдеуге көмек көрсету сылтауымен 150 мың теңге сомасындағы ақшаны иемденген.

Криминалдық полиция қызметкерлері жедел іс-шаралар өткізу барысында 33 жастағы қала тұрғынын анықтап, полиция бөліміне жеткізді.

Бұдан әрі тергеу әрекеттерін жүргізу барысында күдіктінің 2021 жылғы қазан айында «Арай» СҮ-де пәтер сатып алу сылтауымен басқа әйелден 560 мың теңге иемденгені анықталды.

ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің осыған ұқсас қылмысқа қатыстылығы тексерілуде.

Осы баптың санкциясы мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру