Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде бірнеше пәтер ұрлығын жасаған күдікті ұсталды

Ақтөбеде бірнеше пәтер ұрлығын жасаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

13 тамызда күндізгі уақытта “Актюбупрснаб” БҰ саяжай үйінен зал бөлмесінің пластикалық терезесін бұзу арқылы ақша және 20 келі ет ұрлығы жасалды.

Полиция қызметкерлері жедел іс-шаралар өткізу барысында 48 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Алдын ала тергеу барысында күдікті “Энергетик ТЭЦ-1” саяжайынан тағы бір ұрлық жасап, теледидар, теледидар приставкасы, бұрғы, тегістеуіш, ұялы телефон мен үтік ұрлап кеткені анықталды. Ұрланған заттар тәркіленді. ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті Ақтөбе қаласының УҰИ-не қамалды.

Осы баптың санкциясы мүлкі тәркіленіп, екі жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру