Ақтөбеде бірнеше пәтер ұрлығын жасаған күдікті ұсталды
Ақтөбеде бірнеше пәтер ұрлығын жасаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция қызметкерлері Алматы қаласының 32 жастағы тұрғынын ұстады. Ол бірнеше пәтер ұрлығын жасаған деген күдікке ілінген. Тергеу мәліметтері бойынша күдікті бұған дейін де дәл осындай қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған.
Күдіктінің қылмысты күндізгі уақытта, үйде иелері үйде жоқ кезде жасаған. Қылмыстық әрекеттер кезінде алтын әшекейлер, қымбат сағаттар және өзге де құнды заттар ұрланған.
Кезекті эпизодтардың бірінде, Оңтүстік-Батыс тұрғын ауданындағы үйге күдікті пластик терезені бұзып кіріп, алтын әшекейлер, қымбат сағат және брендтік сөмкені ұрлап кеткен. Залал сомасы 2 миллион теңгеден асқан.
Қазіргі таңда күдікті үш пәтер ұрлығына қатысы барын мойындаған. Оның заңсыз әрекеттерінен келтірілген жалпы шығын 3 миллион теңгеден асады. Тергеу шаралары барысында ұрланған мүліктің бір бөлігі тәркіленіп алынды, қалғанын күдікті ломбардқа өткізіп үлгерген.
Күдікті Ақтөбе қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.