Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде бірнеше тұрғынның ақшасын алаяқтықпен иемденген күдікті анықталды

Ақтөбеде бірнеше тұрғынның ақшасын алаяқтықпен иемденген күдікті анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қалалық полиция бөліміне бірнеше жергілікті тұрғын алаяқтық туралы арыз берді. Жәбірленушілердің айтуынша, Instagram әлеуметтік желісінде белгісіз адам мемлекет беретін өтеусіз гранттар шеңберінде ақша алуға көмектесуді ұсынып, аңғал тұрғындардың 180 мың теңгеден 500 мың теңгеге дейінгі ақшаларын иеленген. Алайда ол берген уәдесін орындамаған және тұрғындардан алған ақшаны да қайтармаған.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде полицейлер күдіктіні ұстады. Ол бұрын алаяқтық жасағаны үшін сотталған 30 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.

Осы фактілер бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктінің басқа қылмыстарға қатысының бар-жоғы анықталуда. Жәбірленушілерге келтірілген материалдық шығын 2,5 млн теңгеден асты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру