Ақтөбеде биыл балалардың қатысуымен 68 жол-көлік оқиғасы тіркелді
2 – 12 қыркүйек аралығында Ақтөбе облысының аумағында «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында «Назар аударыңыз, балалар!» акциясы да қамтылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұл акцияның мақсаты – балалардың жол-көлік жарақаттануының алдын алу, оқу жылының басталуына дейін көшелер мен жолдарда балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Жол-көлік оқиғасының алдын алу мақсатында көлік жүргізушілерінің назарын қауіпсіздік белдіктері мен балаларды ұстап тұратын құрылғыларды, қолдану қажеттілігін еске саламыз.
Биылғы жылдың сегіз айында балалардың қатысуымен 68 жол-көлік оқиғасы тіркелді, онда үш адам қаза тауып, 75 адам жарақат алды.
Бүгінгі таңда Ақтөбе облысының аумағында 403 (облыс орталығында 84) жалпы білім беретін мектеп бар. Өткізілген акция аясында мектеп инспекторлары патрульдік полиция қызметкерлерімен бірге жаяу жүргіншілер өткелдерінде, сондай-ақ жалпы білім беретін мектептерге жақын маңда оқиғалардың тікелей жолын кесу, сондай-ақ жұртшылықтың, оның ішінде жүргізушілердің назарын осы мәселеге аудару үшін кезекшілікті жүзеге асырады.
Сонымен қатар, оқу орындарына құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін басшылық құрамнан жауапты тұлғалар бекітілді.
Акция аясында бастауыш сынып оқушылары үшін жол қозғалысы ережелерін сақтау бойынша дәрістер өткізіледі.