Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде екі қарақшы ұсталды

Ақтөбеде қызды қорқытып, ақшасы мен ұялы телефонын алып кеткен қарақшылар ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

26 тамыз күні сағат 21:00-де белгісіз адамдар екінші қабаттың балконынан пәтерге кіріп, тонап кеткен. Қарақшылар 23 жастағы қызды қорқытып, 160 мың теңге ақшаны және «Айфон 5S» смартфонын алып кеткен. Кейін 23 жастағы қыз Ақтөбе қаласы ПБ Жедел басқару орталығының «102″ телефонына қоңырау шалып, полиция жасағын шақырды.

Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде келесі күні Хромтау қаласының екі тұрғынын анықтап, олардан ұрланған телефонды тәркілеп, ақшасын өз қажеттіліктеріне жұмсаған. Күдіктілер Ақтөбе қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған факті негізінде ҚР ҚК 191-бабы (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру