Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде ер адам дүкенді ойыншық тапаншамен тонамақ болды

Ақтөбеде ер адам дүкенді ойыншық тапаншамен тонамақ болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе қ.ПБ жедел басқару орталығының «102» телефонына дүкеннің 43 жастағы сатушысынан дүкенге тапаншаға ұқсас затпен қорқытқан ер адамның кассадан ақша талап еткені туралы хабарлама келіп түсті. Сатушы оған қарсы тұра отырып, тонаушыны дүкен бөлмесінен итеріп шығарып, алдыңғы есікті ішінен жауып тастаған. Содан кейін полицияға қоңырау шалған.

Патрульдік полиция наряды «ізін суытпай» 37 жастағы күдіктіні ұстады. Қылмыс құралы ойыншық тапаншасы болып шықты.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 192-бабы 2-бөлігі (Қарақшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Осы баптың санкциясы мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Күдікті Ақтөбе қ. УҰИ-не қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру