Ақтөбеде есептегі сотталғандар үшін семинар ұйымдастырылды
Ақтөбеде пробация қызметінде есепте тұрған сотталғандар үшін мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпараттандыру бойынша семинар ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шара «Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы» ММ-нің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Атамекен» студенттер отрядттарының, жастар қоғамдық бірлестігінің қолдауымен өткізілді.
Семинар барысында спикерлер кәсіби медиаторлар, заңгерлер, Ақтөбе қаласы Мансап орталығының мамандары, «Отбасы банк» АҚ Ақтөбе облыстық филиалының мамандары мен «Аяла» арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды колдау орталығының психолог мамандары қатысып, сөз сөйлеп, өз бағыттары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Екі сағат ішінде Ақтөбе қаласы Алматы аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы барысы туралы түсіндіріліп, толғандырған сауалдарына жауап берілді.