Ақтөбеде есірткі сатушылар 10 жылға сотталды
Ақтөбеде есірткі сатушылар 10 жылға сотталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Наурыз айында полиция қызметкерлері бау-бақша ұжымы ауданында жедел іс-шаралар өткізу барысында автокөлікті тоқтатты. Жүргізуші мен жолаушыдан жедел қызметкерлер 2 грамнан астам синтетикалық есірткі тәркіледі, ал автокөліктен 90 грамға жуық «синтетика» тәркіленді. Сонымен бірге ұсталғандардың бірінің тұрғылықты жерін тінту кезінде полицейлер 7 грамнан астам есірткі затын тауып, тәркіледі.
Алынған синтетикалық есірткі заттарының жалпы салмағы 99 грамнан асты.
Есірткі құралдарын заңсыз сақтау және тасымалдау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп- тексеру жұмыстары жүргізілді. Сот екі күдіктіні де 10 жылға қатаң режимде бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарды.