Ақтөбеде есірткі саудасы үшін деструктивті діни ағымының өкілі сотталды
Ақтөбеде есірткі саудасы үшін деструктивті діни ағымының өкілі сотталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың қаңтарында заңсыз есірткі саудасымен айналысқан 36 жастағы қала тұрғыны ұсталды.
Ақтөбе облысының полиция қызметкерлері ұзақ уақыт бойы Ақтөбе облысының аумағында есірткі құралдарын сақтаумен және өткізумен айналысқан қызметтің жолын кесті.
Ол өз үйінде аса ірі мөлшерде «марихуана» және «гашиш» есірткі заттарын заңсыз сақтағаны және сатқаны анықталды. Ол есірткі заттарын сіріңке қорабына салып, жеке тұтынушыларына сатқан.
Осыған байланысты, есірткі дилері ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша 12 жылға бас бостандығынан айырылды.