Ақтөбеде есірткі заттарын заңсыз тасымалдаудың 3 дерегі анықталды
«Құқықтық тәртіп» іс-шарасының екі күнінің нәтижесі бойынша 35 қылмыс тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 5-7 қаңтар аралығында қоғамдық орындар мен көшелерде қылмыстардың алдын алу және әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау мақсатында республика көлемінде «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы өткізіледі.
Іс-шараның екі күнінің нәтижесі бойынша тіркелген 35 қылмыстың 20-сы ізі суымай ашылса, өткен жылдан іздеуде жүрген екі адам ұсталды.
Тыйым салынған заттар, яғни қару-жарақ және суық қару ұстаудың 85 дерегі анықталды.
– Есірткі заттарын заңсыз тасымалдаудың үш дерегі;
– заңсыз қару тасымалдаудың екі дерегі;
– суық қару (пышақ) алып жүрудің 80 дерегі анықталды. Сонымен қатар, барлығы 1167 әкімшілік құқық бұзушылық дерегі анықталды, оның тұрмыстық-жанжалдық қатынаста – 51, ұсақ бұзақылық– 144, қоғамдық орындарда ішімдік ішу немесе мас күйінде жүрудің-147 дерегі анықталса, уақытша уытсыздандыру және айықтырғышқа – 69 адам жеткізілсе, қабылдап-тарату орнына ешқандай құжатсыз жүрген бес адам жеткізілді. Жол қозғалысы ережесін бұзудың барлығы 505 дерегі анықталды, оның ішінде көлік құралын мас күйінде басқару – 16, оның төртеуі есірткілік мас күйінде, жылдамдықты шамадан тыс арттыру – 142, қарсы бағытқа шығып кету – 14, жаяу жүргіншілерді өткізуге басымдық бермеу – 54, жаяу жүргіншілердің белгіленбеген жерден жолды кесіп өтулері -145.