Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде есірткіге мас жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды

Ақтөбеде есірткіге мас жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

17 наурызда сағат 13.40 шамасында патрульдік полиция қызметкерлері Әбілхайыр хан даңғылы мен Пацаев көшесінің қиылысында жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін Lada Priora автокөлігін тоқтатты. 37 жастағы жүргізушінің мінез-құлқы полиция қызметкерлерінің күдігін тудырған. Сараптама нәтижесі көрсеткендей, ол есірткілік масаң күйде көлік басқарған. Сонымен қатар, жүргізушінің бұрын көлік құралдарын басқару құқығынан айырылғаны анықталды.

ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігімен (Мас күйінде көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған адамның көлік құралын басқаруы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Осы баптың санкциясы көлік құралын басқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір мың екі жүз сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру