Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде есірткіге мас жүргізуші ұсталды

Ақтөбеде полиция есірткіге мас күйде Kia Rio автокөлігін басқарған жүргізушіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тексеру кезінде 31 жастағы жүргізушіден ұнтақ зат салынған зип-пакет табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, бұл зат синтетикалық есірткі екені анықталды. Сонымен қатар жүргізілген медициналық куәландыру оның есірткілік масаң күйде көлік басқарғанын растады.

Есірткі құралдарын заңсыз пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Есірткілік мас күйінде көлік басқарғаны үшін жүргізуші қамауға алынды.

Полиция қызметкерлері көлік құралын есірткілік немесе алкогольдік масаң күйде басқару – қатаң жауапкершілікке әкеліп қана қоймай, жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіретінін еске салды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру