Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде есірткіге қарсы күрес белсенді түрде жүргізілуде

Ақтөбеде есірткіге қарсы күрес белсенді жүргізілуде, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен есірткі қылмыстарының алдын алу және жолын кесуге бағытталған ауқымды шаралар қабылдануда.

Жыл басынан бері облыс аумағында 339 есірткілік құқық бұзушылық тіркелді. Оларға есірткіні заңсыз сату, аса ірі мөлшерде сақтау, жарнамалау, контрабанда жолымен өткізу, сондай-ақ құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіру кіреді.

Заңсыз айналымнан жалпы 491 келі есірткі тәркіленді, оның ішінде 482 келі марихуана және 8 келіден астам синтетикалық есірткі заттары бар. Сонымен қатар 8 500 түптен астам қарасора өсімдігі жойылды. Тәркіленген есірткі заттарының жалпы құны 691 млн теңге шамасында.

Жыл басынан бері есірткіге қатысты заңсыз әрекеттерге қатысы бар 1 410 сайт және 2 772 банк картасы анықталып, "Кибернадзор" ақпараттық жүйесі арқылы бұғатталды. Бұғатталған қаражаттың жалпы сомасы шамамен 61 млн теңге құрайды.

Ақтөбе қаласында ғимараттардың қабырғаларына жазылған 46 есірткіні жарнамалайтын граффити-жазу анықталып, жойылды.

Облыс аумағында есірткі қылмысына қарсы күрес белсенді жүргізіліп, құқық қорғау органдары заңсыз әрекеттердің алдын алу бойынша тұрақты шаралар қабылдауда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру