Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде есірткілік мас күйде автобус басқарған жүргізуші ұсталды

Ақтөбеде есірткілік мас күйде автобус басқарған жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2 наурызда «Жолдағы балалардың қауіпсіздігі» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы аясында Бейбітшілік және Тургенев көшелерінің қиылысында жол ережесін бұзғаны үшін ПАЗ маршруттық автобусы тоқтатылды. Автобус жүргізушісі өзінің мінез-құлқымен полиция қызметкерлеріне күдік туғызған. Медициналық куәландыру көрсеткендей, автобус жүргізушісі есірткі пайдаланғаны анықталды.

Аталған жайт бойынша ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы) бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Жүргізуші 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылады.

Автобус арнайы айыппұл тұрағына қойылды. Материал әкімшілік соттың қарауына жіберілді. Сондай-ақ мекеме механигіне қатысты ӘҚБтК-нің 619-бабы 1-бөлігі бойынша (Көлік құралдарын, сол сияқты тиiстi санаттағы көлік құралдарын басқару құқығы жоқ не одан айырылған жүргiзушiнi көлiк құралын басқаруға жiберу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру