Ақтөбеде есірткілік масаң күйдегі жүргізуші қамауға алынды
Ақтөбеде есірткілік масаң күйдегі жүргізуші қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жүргізілген профилактикалық іс-шараларға қарамастан, есірткі және алкогольдік мас күйінде көлік басқару деректері тіркелуде. Жүргізушілер өздерінің ойланбай жасайтын әрекеттерінен өздеріне ғана емес, сонымен қатар жол қозғалысының басқа қатысушыларына да қауіп төндіретінін түсінбейді.
Мысалы, полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Әкімжанов пен Мебельная көшесінің қиылысында 35 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Kia Sportage көлігін тоқтатты.
Тексеру кезінде көлік жүргізушісінің есірткілік масаң күйде рөлге отырғаны анықталды. Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Жүргізуші ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша қамауға алынды.