Ақтөбеде Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай веложарыс өтті
Ақтөбеде Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай веложарыс өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күнінде Триатлон саябағында 500-ден астам велосипедші қатысқан жаппай веложарыс өтті. Олардың арасында атақты спортшылар, жас велосипедшілер, сондай-ақ екі дөңгелекті көлік құралын ұнататын қарапайым қала тұрғындары болды.
Веломарафонның басты мақсаты – спортпен шұғылдану арқылы жұртшылық пен жастардың назарын белсенді өмір салтын жүргізуге, есірткімен жаман әдеттерден бас тартуға аудару. Мәреде велоспортшылар арасында велосипедтер және ұйымдастырушылардан бағалы сыйлықтар ойнатылды.
Нашақорлыққа қарсы күрес айлығы аясында барлық атқарушы орган, сондай-ақ аудандық полиция бөлімдері 200-ден астам есірткіге қарсы іс-шара өткізді.