Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде ІІО қызметкерлері арасында волейболдан турнир өтті

Ақтөбеде қызмет барысында қаза тапқан полицейлерді еске алуға арналған ІІО қызметкерлері арасында волейболдан турнир өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

25 наурыз күні Ақтөбе облысының Полиция департаменті және Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалиннің қолдауымен Құқық қорғау және арнайы орган қызметкерлері арасында қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан қызметкерлерді еске алуға арналған волейболдан турнир өткізді.


Бұл турнирге Полиция департаментінің, ІІО ардагерлері, ҰҚКД, ҚАЖД, ТЖД, Т.Бигельдинов атындағы ӘҚКӘИ, ҚР ҰҰ 6655 әскери бөлімі, МКҚБ, Ақтөбе заң институты, Ақтөбе ст. ЖПб, Ақтөбе қаласы ПБ, 30238 әскери бөлімі, ҚР ҰҚК шекара қызметі 26 құрама командалары қатысты.


Турнирді Полиция департаментінің бастығы Абай Жусупов алғы сөзбен ашты.

– “Отан үшін отқа түс – күймейсің» деп Б.Момышұлы атамыз айтқандай, біз үшін олар әрқашан адамгершіліктің, антқа және Отанға адалдықтың айқын үлгісі болып қалады. Қызметтік борыштарын атқару кезінде қаза болған батырларымыздың есімдері мен ерліктерін есімізде сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу біздің қасиетті парызымыз. Қаза тапқан батырлардың туыстары мен жақындарына тағзым етеміз, – деді облыстық ПД бастығы Абай Жусупов.


Одан әрі турнирге қатысушыларды ҰҚКД бастығы Рүстем Неталиев және ішкі істер органдарының ардагерлері қарсы алды.

Сондай-ақ, ресми ашылу салтанатында Полиция департаментінің бастығы А.Жусупов қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлердің жұбайлары мен туыстарына гүл шоқтары мен бағалы сыйлықтар табыс етті.

Жарыс қорытындысы бойынша I-ші орынды ҰҚКД командасы, II-ші орынды ТЖД және III-ші орынды Полиция департаментінің командасы жеңіп алды.

Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерге, сондай-ақ номинациялар бойынша үздік ойыншыларға бағалы сыйлықтар мен кубоктар, медальдар, грамоталар, сертификаттар берілді.

Ақтөбе облысында қызметтік борышын орындау кезінде барлығы 11 полиция қызметкері қаза тапты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру