Ақтөбеде кәсіпкерден 7 млн теңге бопсалаған күдікті ұсталды
Ақтөбеде кәсіпкерден 7 млн теңге бопсалаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтөбеде ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері бұрын сотталған жергілікті тұрғынды ұстады.
Ол кәсіпкерді қорқытып, одан ірі көлемдегі қаражатты талап етті деген күдікке ілінді. Жедел іс-шаралар нәтижесінде күдікті ақшаның 2 миллион теңге көлеміндегі алғашқы бөлігін алған сәтте қолға түсті. Тергеу барысында ол кәсіпкерге ұзақ уақыт бойы қысым көрсетіп, жалпы 7 миллион теңге талап еткені анықталды.
Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 194-бабы (Бопсалау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.