Ақтөбеде кәсіпкерлерді алдап кеткен күдікті анықталды
Ақтөбеде кәсіпкерлерді алдап кеткен күдікті анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция бөлімдеріне дүкен иелерінен бірнеше өтініш түсті. Кәсіпкерлер арыздарында салқындататын сусындарын жеткізу сылтауымен қолма-қол ақшаны иемденген жас жігіттің құрбаны болғанын айтқан. Бүгінгі таңда 6 жәбірленуші анықталды.
Бұл дерекке қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Күдіктіге үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы белгіленді. Полиция департаменті кәсіпкерлерге жоқ тауарға, әсіресе сауда фирмасы атынан келген бейтаныс адамдарға төлем жасамау керектігін ескертеді.