Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде кезекті "Жас сақшы" полиция сыныбы ашылды

Ақтөбеде кезекті "Жас сақшы" полиция сыныбы ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

№83 орта мектепте "Жас сақшы" сыныбының ашылу салтанаты өтті. Осы маңызды күні 7-сыныптың 22 оқушысы жас сақшылар қатарына ресми түрде қабылданды.

Салтанатты шараға полиция басқармасының өкілдері, мектеп әкімшілігі, ата-аналар және қонақтар қатысты. Іс-шараны Ақтөбе қаласы полиция басқармасының бастығы Асет Қалиев ашты.

- Бұл сыныптың табалдырығынан аттай отырып, сіздер батыр бабаларымыздың өсиетіне адал болуға, ел тыныштығын қорғауға, білім мен тәрбиенің жолында табанды еңбек етуге тиіссіздер. Себебі әрқайсыңыз — ертеңгі күннің тірегі, мемлекетіміздің болашағысыздар. Біз бұл ортадан білімді, парасатты және отаншыл азаматтар шығады деп сенеміз, - деді ол.

Шара барысында жас сақшыларға арнайы төсбелгілер мен куәліктер табысталды. Педагогтар мен кураторлар оқу бағдарламасымен таныстырып, оның құқықтық сауаттылық, қауіпсіздік негіздері, патриоттық тәрбие және құқық қорғау органдары өкілдерімен кездесулерді қамтитынын айтты. Ата-аналар аталмыш жобаның ұйымдастырушыларына алғыс айтып, мұндай сыныптың балалардың азаматтық жауапкершілігін арттыруға, тәртіп пен білімге ұмтылысын қалыптастыруға ықпал ететінін атап өтті.

Жаңа "Жас сақшы" сыныбының ашылуы - білім беру ұйымдары мен құқық қорғау органдары арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың және елге абыроймен қызмет ететін жас буынды тәрбиелеудің маңызды қадамы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру