Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде көлік нөмірін жасыру мақсатында құрылғы орнатқан жүргізушісі анықталды

Ақтөбеде көлік нөмірін жасыру мақсатында құрылғы орнатқан жүргізушісі анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбеде Lexus жүргізушісі өз көлігін арнайы құрылғымен жабдықтап, мемлекеттік нөмірлерді жасыруға тырысқан. Аталған құқық бұзушылық Батыс-2 ықшам ауданында бейнежазбаға түсіп, әлеуметтік желілерде кеңінен тарады.

Әлеуметтік желілерді мониторингтеу барысында тәртіп сақшылары жүргізушінің жеке тұлғасын анықтап, оған қатысты әкімшілік іс қозғады. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, көлік құралын мемлекеттік тіркеу нөмірін әдейі жасыру, өзгерту немесе бұрмалауға мүмкіндік беретін техникалық құралдарды пайдалану жауапкершілікке әкеп соғады.

Полиция әлеуметтік желілерге тұрақты түрде мониторинг жүргізілетінін еске салады. Мұндай бақылау жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілерін анықтауға және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру