Ақтөбеде көлік қаққан жаяу жүргінші ауруханада көз жұмды
Ақтөбеде көлік қаққан жаяу жүргінші ауруханада көз жұмды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
11 маусымда Қонаев көшесінде Lada Priora автокөлігінің 42 жастағы жүргізушісі жол жүру ережелерін бұзып, 41 жастағы әйелді қағып кетті.
ЖКО салдарынан жаяу жүргінші Ақтөбе қаласының медициналық жедел жәрдем ауруханасына жатқызылды, кейін алған жарақаттарынан қайтыс болды.
Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес, жүргізуші көлікті мас күйінде басқарған.
ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі (Көлік құралдарын мас күйінде басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Жүргізуші Ақтөбе қаласы уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Осы бап бойынша белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, бес жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.