Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде көлікті есірткіге мас күйде басқарған азамат ұсталды

Ақтөбеде көлікті есірткіге мас күйде басқарған азамат ұсталды, сондай-ақ оның есірткіге мас күйде болғаны анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 14 мамырда түнгі мезгілде Ақтөбе облысы полиция департаменті патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Самара – Шымкент автожолында патрульдеу барысында минивэнді тоқтатты. Тексеру барысында көлік тізгінінде болған Хромтау ауданы тұрғынының көлік құралдарын басқаруға құқығы жоқ екені анықталды.

Сонымен қатар оның жай-күйі полиция қызметкерлерінде күдік тудырып, жүргізілген медициналық сараптама нәтижесінде жүргізушінің есірткіге мас күйде болғаны анықталды. Бұл дерек бойынша әкімшілік іс қозғалып, жүргізуші қамауға алынды, автокөлік арнайы тұраққа қойылды.

Ақтөбе облысының полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру