Ақтөбеде көлікті мас күйде тізгіндеген әйел жауапқа тартылды
Ақтөбеде көлікті мас күйде тізгіндеген әйел жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтөбе қаласының Жаңақоныс тұрғын алабында полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін Mercedes Benz C300 автокөлігін тоқтатты. Тексеру кезінде осы көлікті басқарған 30 жастағы әйелдің жай-күйі күдік тудырды. Жүргізілген сараптама оның масаң күйде екенін көрсетті.
Анықталғандай, аталған жүргізуші әйел осы жылдың қыркүйегінде көлік құралын алкогольдік масаң күйінде басқарғаны үшін жүргізуші куәлігінен 7 жыл мерзімге айырылған.
Көлікті алкогольдік мас күйінде басқару фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, осы баптың санкциясы бес жылға дейін бас бостандығынан айыра отырып, өмір бойы жүргізуші куәлігінен айыруды көздейді.
Әйел уақытша ұстау изоляторына қамалды. Автокөлік арнайы автотұраққа қойылды.