Ақтөбеде көрші облыс тұрғыны есірткімен ұсталды
Ақтөбеде көрші облыс тұрғыны есірткімен ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қызылорда облысының 32 жастағы тұрғыны қолға түсті.
Жеке тінту кезінде күдіктіден ұнтақ тәрізді зат салынған бес орама тәркіленді. Кейін жалдамалы пәтерде жүргізілген тінту барысында полиция қызметкерлері қызметтік иттің көмегімен өзіне тән иісі бар ақ түсті ұнтақ заттың қалдықтары салынған ZIP-пакеттерді, сондай-ақ есірткі тұтынуға арналған құралдарды және изолентаны анықтап, тәркіледі.
Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттар жалпы салмағы 3 граммнан астам болатын психотроптық зат болып шықты. Күдікті Ақтөбе қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
