Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде мас күйде көлік жүргізген Toyota Land Cruiser Prado жүргізушісі анықталды

Ақтөбеде мас күйде көлік жүргізген Toyota Land Cruiser Prado жүргізушісі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

30 тамызда түнгі сағат 02:20 шамасында патрульдік полиция қызметкерлері жол ережесін бұзғаны үшін Мәңгілік Ел көшесінде 42 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Toyota Land Cruiser Prado автокөлігін тоқтатты. Жүргізушіден алкогольдің өткір иісі шығып, жүргізілген сараптама жүргізушінің көлікті мас күйінде басқарғанын көрсетті. Сонымен қатар жол талғамайтын көлік жүргізушісі бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды.

ҚР ҚК 346-бабы 1-бөлігі (Мас күйінде көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған адамның көлік құралын басқаруы) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды. Жүргізуші Ақтөбе қалалық УҰИ-ға қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру