Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде мас жүргізуші полицейлерден жасырынбақ болған

Ақтөбеде мас жүргізуші полицейлерден жасырынбақ болған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2 шілде сағат 02:00-де Қарғалы ауылындағы Сәтбаев көшесінде патрульдік полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, жол қозғалысының басқа қатысушыларына қауіп төндірген Kiа Rio көлігін байқады. Аталған автокөліктің жүргізушісі полицейлердің тоқтау туралы талабын елемеген.

Әрі қарай ізіне түсу кезінде бұл көлік тоқтатылды. Алкогольдің өткір иісі шыққан 43 жастағы жүргізуші полиция қызметкерлеріне белсенді физикалық қарсылық көрсетті. Жүргізілген сараптама жүргізушінің мас күйінде екенін көрсетті.

Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасақталды. Ал оның досына қатысты ҚР ҚК-нің 380-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру