Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде мас жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып кетті

Ақтөбеде жол-көлік оқиғасынан жаяу жүргінші көз жұмды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгінгі күні көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқарғаны үшін бес жылға дейін бас бостандығынан айыру, ал адам денсаулығына ауыр зиян келтірілген немесе абайсызда адам қайтыс болған кезде-ең жоғары жаза тоғыз жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.

Алайда, аталған құқық бұзушылық жасағаны үшін жазалау шарасының күшеюіне қарамастан, көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы жалғасуда.

Мәселен, 2021 жылғы 4 ақпанда сағат 13.15-те 32 жастағы жүргізуші мас күйінде «Nissan Primera» маркалы жеке көлігін басқарып, М.Оспанов көшесіндегі жол қиылысында, жол-метеорологиялық жағдайды ескермей, көлік құралының толық тоқтауына дейін жылдамдықты төмендету шараларын қолданбаған, нәтижесінде 40 жастағы жүргізушінің басқаруындағы «Лада 121440″ автокөлігімен соқтығысқан.

Соқтығысудан «Nissan Primera» автокөлігі қозғалыс бағытын өзгертіп, жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

Соқтығысудың салдарынан жаяу жүргінші, 50 жастағы әйел дене жарақатымен ЖМККА-ның реанимациялық бөліміне жатқызылды, содан кейін ол алған жарақаттарынан қайтыс болды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабы 5-бөлігі (Көлік құралын басқару құқығынан айырылған және абайсызда адам өліміне әкеп соққан алкогольдік масаң күйдегі адамның КҚ-ны басқаруы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазіргі уақытта жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті жүргізушілерден жол-көлік оқиғаларына жол бермеу және жақындары мен туыстарының өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында, жолда өте мұқият болуды және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.

Жүргізуші, мас күйде көлік жүргізбес бұрын, оның салдары туралы ойланыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру