Ақтөбеде мас жүргізушілер саны азаяр емес
Жүргізілген профилактикалық іс-шараларға қарамастан, бұрын көлік жүргізу куәлігінен айырылған адамдардың мас күйінде көлік құралдарын басқару фактілері тіркелуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
27 қаңтар күні Алға қаласында патрульдік полиция жасағы 22 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындағы «Ниссан Альмера» автокөлігін тоқтатты.
Анықталғандай, жүргізуші көлік құралын басқару құқығынан айырыла отыра, автокөлікті «канабиоидтарды» есірткілік масаң күйде басқарған.
Сол күні Кеңқияқ кентінде 34 жастағы жүргізушінің басқаруындағы «Chevrolet Epica» автокөлігі тоқтатылды. Құжаттарды тексеру кезінде жүргізушінің спирттік ішімдік ішкені анықталды. Жүргізілген сараптама жүргізушінің мас күйінде екенін көрсетті.
Сондай-ақ, ол бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырылған, бірақ соған қарамастан көлікті «жеңіл» дәрежедегі масаң күйде басқарған.
Екі дерек бойынша ҚР ҚК 346-бабының 1-бөлігі (Мас күйінде көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған адамның көлік құралын басқаруы) тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Ақтөбе облысы Полиция департаменті азаматтарға мас күйінде көлік жүргізбеуді ЕСКЕРТЕДІ. Сондай-ақ, азаматтарды жол қауіпсіздігі ережелерін сақтауға, жылдамдықты асырмауға шақырады. Ең алдымен, жүргізушілерге өздерінің өмірі туралы ойлануға кеңес беріледі.