Ақтөбеде мектеп маңындағы жол қауіпсіздігін бақылау заманауи технологиялар арқылы жүзеге асырылуда, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтөбе қаласында жол-көлік оқиғаларының алдын алу және оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мектеп аумақтарында заманауи технологияларды қолдану арқылы профилактикалық және түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Іс-шара барысында мектеп аумағындағы жағдай дронның көмегімен әуеден бақылауға алынып, арнайы дыбыс күшейткіш құрылғы арқылы оқушылар мен ата-аналарға жол қозғалысы ережелерін сақтау қажеттілігі жөнінде түсіндіру жүргізілуде.
Профилактикалық жұмыстар аясында балаларға жаяу жүргіншілер өткелінен қауіпсіз өту тәртібі, велосипед пен самокатты пайдалану кезіндегі қауіпсіздік талаптары, мектеп маңында көлік жылдамдығын шектеудің маңыздылығы, сондай-ақ балаларды тасымалдау кезінде ата-аналардың жауапкершілігі туралы жан-жақты ақпарат берілуде.
Дронды пайдалану білім беру ұйымдарының маңындағы қауіпсіздік деңгейін арттыруға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және жол қозғалысына қатысушылардың тәртібін бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл тәсіл профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттырып, қауіпсіз орта қалыптастыруға ықпал етеді.
Балалардың қауіпсіздігі – қоғамның басты құндылығы. Осыған байланысты жол қозғалысы ережелерін сақтау – әрбір азаматтың ортақ міндеті.
Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Журналистика саласында 2006 жылдан бері қызмет етіп келеді.