Ақтөбеде мектеп оқушысы рұқсатсыз көлікті айдап кетіп, ЖКО жасады
Ақтөбеде мектеп оқушысы рұқсатсыз автокөлікті айдап кетіп, ЖКО жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
7 сәуірде Темір ауданындағы Кеңқияқ-Саркөл автожолының 1 км шақырымында Lada-219110 автокөлігінің кәмелетке толмаған жүргізушісі Саркөл ауылы жағынан Кеңқияқ кенті бағытында келе жатып, рульдік басқаруды игере алмай, көлік құралының қозғалысы бойынша сол жақ бетке қарай аударылып кеткен.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан 15 жастағы жүргізуші мен оның жолаушысы Кеңқияқ кентіндегі ауруханаға жеткізілді.
9-сынып оқушысы әкесінің көлігін рұқсатсыз айдап кетіп, сыныптасымен бірге қыдырып кеткені анықталды.