Ақтөбеде мемлекеттік қызметтерді заңсыз рәсімдеуді уәде еткен алаяқтық деректері тіркелді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтөбе қаласында азаматтардың мемлекеттік қызметтерді заңсыз жолмен алуға әрекет жасауына байланысты алаяқтық деректері жиілеп отыр. Бірқатар тұрғындар құжаттарды "жеделдетіп рәсімдеп беруге көмектесеміз" деген желеумен әрекет еткен алаяқтардың құрбаны болған.
Мәселен, 21 жастағы қыз жүргізуші куәлігін алу үшін міндетті оқу курсынан өтпей-ақ және емтихан тапсырмай-ақ сертификат алып беруге уәде берген. Ол клиенттерін құжаттарды еш қиындықсыз рәсімдеп беретіндігіне сендіріп, ақшалай қаражаттарын алғаннан кейін байланысқа шықпай кеткен.
Сондай-ақ тағы бір жағдайда 27 жастағы әйел шетелдік тіркеудегі автокөлікті Қазақстан Республикасының есебіне қоюға көмектесемін деген сылтаумен азаматтың 1 млн 200 мың теңге көлеміндегі қаражатын иемденген.
Аталған фактілер бойынша алаяқтық белгілерімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, күдіктілердің осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.
Полиция департаменті мемлекеттік қызметтерді тек заңда белгіленген тәртіппен алу қажеттігін ескертеді. Құжаттарды "жеделдетіп" немесе "кепілдікпен" рәсімдеуді ұсынатын үшінші тұлғаларға ақша бермеу қажет.
Тәртіп сақшылары азаматтарды сақ болуға, заңды айналып өтетін күмәнді ұсыныстарға сенбеуге шақырады. Себебі уақытты үнемдеуге бағытталған мұндай әрекеттер қаржылай шығынға ғана емес, құқықтық салдарға да әкелуі мүмкін.
Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Журналистика саласында 2006 жылдан бері қызмет етіп келеді.