Ақтөбеде міндеттерін орындамаған 23 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Ақтөбеде міндеттерін орындамаған 23 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жасөспірімдер қылмысының алдын алу, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде және тұрғын үйдпен тыс жерде болу, сондай-ақ алкогольдік ішімдіктердің, темекі өнімдерінің сату фактілерінің жолын кесу мақсатында ювеналдық полиция инспекторлары облыс аумағында күн сайын локалды рейд жүргізеді.
Жоспарланған іс-шараларды іске асыру барысында ювеналдық полиция инспекторлары аулаларда, саябақтарда және жастар көп жиналатын орындарда, ойын-сауық орындарында рейдтік жұмыстар жүргізді.
Рейдтік жұмыстардың нәтижесінде жыл басынан бастап ІІО-ға 277 кәмелетке толмаған жеткізілді, оның ішінде 252-сі заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде болғаны үшін 23.00-ден 06.00-ге дейін, 21-і әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін.
Сонымен қатар, кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу бойынша міндеттерін орындамағаны үшін 23 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
ІІО есебіне 40 жасөспірім және 38 қолайсыз отбасы қойылды.
Кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылығын алдын алу жұмыстарына отбасы, жақын орта тартылса болдырмауға болады. Кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтарының маңызды себебі-олардың моральдық тәрбиесіндегі кемшіліктер. Кәмелетке толмағандардың жас ерекшеліктері осы контингентке психологиялық және әдістемелік тұрғыдан сауатты көзқарасты талап етеді. Балалар мен жасөспірімдердің мінез-құлқындағы уақытында байқалған ауытқулар және дұрыс ұйымдастырылған педагогикалық көмек құқық бұзушылықтар мен қылмыстарға әкелуі мүмкін жағдайлардың алдын алуда маңызды рөл атқара алады.