Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде мотоцикл жүргізушісі Mitsubishi Pajero көлігімен соқтығысты

Ақтөбеде мотоцикл жүргізушісі Mitsubishi Pajero көлігімен соқтығысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 18 тамызында сағат 10:30 шамасында Racer RC 300 CS мотоциклінің 43 жастағы жүргізушісі Нокин даңғылымен жүріп келе жатып, алда келе жатқан көлік құралына дейінгі қашықтықты сақтамай, жылдамдықты төмендету шараларын қабылдамай, 49 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Mitsubishi Pajero автокөлігімен соқтығысты.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан мотоцикл жүргізушісі ЖМЖА-ға жатқызылды, сондай-ақ жүргізушіден алкогольге қан алынды.

Мотоцикл – жоғары жылдамдық сипаттамаларына ие, басқаруы ерекше тәуекелмен байланысты көлік құралы. Көбінесе бұл көліктің жүргізушілері жол ережесін сақтамайды және осы көлік қаупінің ауырлығын түсінбейді.

Ақтөбе облысы ПД бастығы Атығай Арыстановтың айтуынша, жыл басынан бері облыста мотоцикл жүргізушілерінің қатысуымен үш ЖКО орын алып, нәтижесінде төрт адам зардап шеккен.

– Мотокөлік жүргізушілерін жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырамын. Мотоциклді мотошлеммен басқару керек, ол жолаушыда да болуы керек. Осы үлгідегі көлік құралдарымен жүру кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жол жағдайын бағалау, белгіленген жылдамдықты асырмау және қауіпті маневрлерден аулақ болу керек, – деді А.Арыстанов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру