Ақтөбеде пәтер ұрысы ұсталды
Ақтөбеде пәтерге ұрлыққа түскен ұрылардың әрекеті әшкереленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
13 наурызда белгісіз адамдар пластикалық терезені бұзу арқылы бау-бақша ұжымында орналасқан үйге кіріп, 700 мың теңге көлемінде ақша қаражатын, мутоннан жасалған әйел тоны мен екі ұялы телефонды ұрлап кеткен.
Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында осы қылмысты жасады деген күдік бойынша 48 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады.
Сонымен қатар, күдікті саяжай алаптарында жасалған тағы екі пәтер ұрланғанын мойындады. Ұрланған заттардың бір бөлігі тәркіленді.
Осындай ашылмаған пәтер ұрлығына қатыстылығын анықтау бойынша іс-шаралар жүргізілуде.
ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті ҚР ҚПК 128-бабына сәйкес УҰИ-ға қамауға алынды.