Ақтөбеде пәтерден алтын бұйымдар мен ақша ұрлаған азамат қолға түсті
Ақтөбеде пәтерден алтын бұйымдар мен ақша ұрлаған азамат қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
30 шілдеде сағат 07:40 шамасында белгісіз тұлға Ақтөбе қаласы Смағұлов көшесіндегі көпқабатты үйдің пәтерлерінің бірінен алтын бұйымдар мен 60 мың теңге сомасындағы ақшаны ұрлаған.
Келтірілген материалдық залалдың жалпы сомасы 420 мың теңгені құрады.
Полиция қызметкерлері 49 жастағы күдіктіні ұстады. Тергеу барысында пәтердің есігі ашық қалғаны анықталды.
Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 180-бабы 3-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталған адамның басқа да пәтер ұрлықтарына қатысы бар-жоғы тексеріледі.
Жыл басынан бері 250-ге жуық пәтер ұрлығы тіркелді. Осыған байланысты полиция департаменті азаматтарға сақтық шараларын күшейтуге кеңес береді.